384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азия ойындары: Қазақстан қоржынында 28 алтын, 28 күміс, 40 қола медаль бар

  • 1274
  • UPD: 18:00, 27.09.2017

Қазақстан құрамасының спортшылары Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарында 28 алтын, 28 күміс, 40 қола медаль ұтып алды.

Біздің спортшылар жалпы командалық есепте төртінші орында келеді. Бүгін Түрікменстан астанасы Ашхабадта жабық кешендегі Азия ойындары аяқталады. Кеше біздің қыз-жігіттер 14 жүлдеге қол жеткізді. Кикбоксшы Мақсат Үсіп және самбошы Есет Қуанов пен Ділдаш Құрышбаева Азия ойындарының чемпионы атанды. Шахматшылар Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова да командалық рапидте топ жарды. Грек-рим күресінде Данияр Қаленов ойындардың алтын медаліне қол созды.

Хабар 24 телеарнасы