384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сарыарқа» сырт айдында Ресейдің «Звезда» командасын жеңді

  • 612
  • UPD: 19:37, 03.10.2017

Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсететін 2 клубымыздың бірі қарағандылық «Сарыарқа» да жеңіске жетті.

Ресейдің Чехов қаласының «Звезда» командасына қонаққа барған қарағандылықтар 9 минутта шайба жіберіп алып, қиын жағдайға түсті. Дегенмен ес жинаған отандастарымыз 13 минутта таразы басын теңестірді. Соколов соққан шайбадан соң, Ломако көзге түсіп, «Сарыарқаны» алға жетеледі. Ал Исаак Валицкий есепті 1:3 қылған кезде, отандастарымыз 3 ұпайға бір табан жақындады. Айдын иелері есеп айырмасын қысқартып көргенімен, соңғы нүктені «Сарыарқалық» Сергей Тополь қойды.

Александр Соколов, «Сарыарқа» хоккей командасының бас бапкері:

– Бірінші болып шайба жіберіп алдық. Кейіннен тамаша өнер көрсетіп, жағдайды реттедік. Қатарынан 3 шайба соққаннан кейін, үшінші бөлікті сабырлы өткердік. Басты мақсатымыз шайба жіберіп алмау болды. Жеңіске лайықты өнер көрсеттік.

Хабар 24 телеарнасы