384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің хоккей клубтары ЖХЛ-дегі жағдайын жақсартты

  • 438
  • UPD: 18:12, 24.11.2017

Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсететін қазақстандық клубтар кезекті кездесулерін жеңіспен аяқтады.

Өскемендік «Торпедо» сырт алаңда Челябі қаласының «Челмет» командасымен кездескен. Қорытынды есеп: 3:0. Дәл осыдай көрсеткіш «Сарыарқа» мен «Спутник» арасындағы матчта да тіркелді. Ойын Тагил қаласында өтті және қарағандылық клуб сапынан Сергей Тополь мен Станислав Альшевский мергендігімен көзге түсті. Осылайша қазақстандық клубтар турнир тізіміндегі жағдайын жақсартып алды. Мәселен, өскемендіктер лигадағы 27 команда арасында 10-тұр. Ал «Сарыарқа» 4-сатыда. Жоғарғы лига аясындағы кезекті кездесулер 27 қарашада өтеді.

Хабар 24 телеарнасы