387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде VII Қысқы Универсиада ойындары басталды

  • 685
  • UPD: 07:40, 03.03.2018
Ертіс өңірінде VII Қысқы Универсиада ойындары басталды

Павлодар облысында жетінші Қысқы Универсиаданың алауы жағылды.

Еліміздің 36 жоғары оқу орнының абыройын қорғайтын 2 мыңнан астам студент спорттың 10 түрінен бақ сынайды. Айта кетейік, бұл байрақты бәсеке спортшылар саны бойынша рекордтық көрсеткішке ие. Бұған дейін осы тектес жарыстарға қатысатындар қатары мыңнан аспайтын. Салтанатты ашылу шарасында Универсиаданың алауын жағу құрметіне Оңтүстік Кореяда өткен Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, шаңғышы Анна Шевченко ие болды. Салауаттылықты серік еткен жастар 10 күн бойы шеберлік байқасып, 426 жүлдені сарапқа салмақ. Бәсекенің бірінші кезеңінде шаңғы, қысқы президенттік көпсайыс, футзал және баскетболдан жарыстар өтеді. Екінші кезең қазақ күресі, қысқы спорттық бағдарлау, арм-рестлинг, пауэрлифтинг түрлерін қамтиды.

Анна Шевченко, Қазақ спорт және туризм академиясының магистранты:

– Оңтүстік Кореядан келе салысымен, бұл жарыста бағымды сынап жатырмын. Байрақты бәсеке Ертіс өңірінде өтіп жатқанына қуаныштымын. Бұл – біз үшін зор абырой. Бұл Универсиада студенттік спорттың қарыштап дамуына сеп болып, спортшыларымыздың деңгейін көтереді деген сенімдемін.

Бауыржан Асаналиев, М.Тынышпаев атындағы ҚазККА-ның студенті

– Бұл жарысқа біз Алматы қаласында, Табаған, Шымбұлақ сияқты тауларда дайындық өткізген болатынбыз. Алматыға тек жеңіспен ораламыз деген ниеттеміз. Өте жоғары дәрежеде өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы