383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чемпиондар лигасының финалы Ыстамбұлда өтеді

  • 352
  • UPD: 18:00, 25.05.2018
Чемпиондар лигасының финалы Ыстамбұлда өтеді

2020 жылы УЕФА суперкубогы Португалияның Порту қаласындағы «Драгау» стадионында өтеді.

Бұл сынды қабылдауға Алматының орталық стадионы да үмітті еді. Алайда Киевте өткен УЕФА атқару комитетінің отырысында «Драгауға» таңдау түсті. 2020 жылы Еуропа лигасының финалы Польшаның Гданьск қаласындағы 43 мың адамдық стадионда өтеді. Ал Чемпиондар лигасының финалын Ыстамбұлдағы «Ататүрік» спорт кешені қабылдайды. Венадағы «Австрия Аренада» әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының жеңімпазы анықталады. УЕФА президенті Александр Чеферин болашақта Чемпиондар лигасының финалы Еуропадан тыс аймақтарда өтуі мүмкін екенін айтты. 

Александр Чеферин, UEFA президенті:

- Чемпиондар лигасының финалын басқа құрлықтаөткізу мәселесін қозғауға әлі ерте. Әрине, бұл тек жоспар күйіндегі әңгіме. Бірақ болашақта қандай өзгерістер болатынын көреміз. Чемпиондар лигасы – әлемдік деңгейдегі жарыс. Қазір оның көрермендерінің саны Еуропадан асып кетті. Алайда нақты шешімге келген жоқпыз. 

Хабар 24 телеарнасы