378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық теннисші Елизавета Карлова халықаралық турнирде топ жарды

  • 301
  • UPD: 13:55, 28.05.2018
Қазақстандық теннисші Елизавета Карлова халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Елизавета Карлова Қырғызстанда өткен ITF Juniors G5 турнирінің жеңімпазы атанды.

Жарыс қорытындысында қазақстандық теннисші ресейлік Татьяна Музыканскаяны 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Турнирдің жартылай финалында Карлова Өзбекстан теннисшісі Валерия Воробьеваны 6: 2, 7: 6 есебімен ұтты. Ширек финалда ресейлік Арина Бабкованы 7:5, 6:4 есебімен жеңсе, екінші турдағы қазақстандық ойыншы Ресейден келген Анна Михаилованы жеңді.

Хабар 24 телеарнасы