385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыр Жүкембаев BoxRec рейтингінде үздік 40 боксшының қатарына кірді

  • 504
Батыр Жүкембаев BoxRec рейтингінде үздік 40 боксшының қатарына кірді vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев WBC тұжырымының Америка аймағы бойынша чемпиондық атағын жеңіп алғаннан соң BoxRec рейтингінде 15 сатыға көтерілді.

Давид Лемье-Карим Ашур арасындағы кездесудің андеркартында жұдырықтасқан Батыр Жүкембаев шаршы алаңдағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз тартысқа толы өткен кездесуде Оңтүстік Америка аймағының және WBC ұйымының күміс белбеуінің иегері аргентиналық Джонатан Хосе Энизді  (20-9-1, 7 КО) 7 раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBC ұйымының Америка аймағы бойынша вакантты белбеуін иеленді.

Осылайша алғашқы чемпиондық белбеуіне қол жеткізген Батыр Жүкембаев BoxRec рейтингінде 48-орыннан 33-сатыға көтерілді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы