365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионаты басталады

  • 677
  • UPD: 18:09, 14.06.2018
Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионаты басталады

Бірер сағаттан кейін төрткүл дүние тағатсыздана күтіп жүрген футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионаты басталады.

Оның ашылу салтанаты Астана уақытымен 21:00-де Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтеді. Артынша Ресей және Сауд Арабиясы құрамалары өзара мықтыны анықтайды. Ал әлемнің түкпір-түкпірінен Ресейге ағылып жатқан жанкүйерлер футбол тойын кешелі бері тойлап жатыр. Олар Мәскеу көшелерінде жалау ұстап, би билеп, ән айтып нағыз футбол карнавалын ұйымдастырды. ФИФА Ресейдің өтетін ойындарға қазірдің өзінде 2 миллион 400 мың билет сатылғанын хабарлады. Ең көп жанкүйер АҚШ-тан келді, олардың саны 88 мыңға жуық. Сонымен қатар Ресейде жүрген футбол фанаттарының саны жағынан Бразилия, Колумбия, Германия, Мексика, Аргентина мен Қытай көш бастап тұр. Сарапшылар мен жанкүйерлер Бразилия құрамасының шоқтығы биік дегенді алға тартады. Қазіргі чемпион - Германияның да бас жүлдеден үміті зор. Франция мен Испания да мықтылар қатарында. Әзірше жанкүйерлер қала аралап, елдің тыныс тіршілігімен танысып жүр.

БЛИЦ

- Мен Колумбиядан келдім. Осы жерден бүкіл әлемге және мундиаль қатысушыларына сәлем жолдаймын.

- Бұл өте жақсы қала. Ресейдің үздік қаласы. Ал Әлем чемпионаты тамаша мереке болмақ. Мұнда адамдар да қонақжай екен!

Осы категория бойынша: « Көріпкел мысық Ресей-Сауд Арабиясы матчына қатысты болжам жасады Командалар Әлем чемпионатына соңғы дайындығын пысықтады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы