365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ольга Рыпакова туған жеріне барды

  • 258
  • UPD: 11:44, 11.09.2018
Ольга Рыпакова туған жеріне барды

Азиада ойындарының 4 мәрте чемпионы, халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының құрлықаралық кубогінің күміс жүлдегері Ольга Рыпакова дүбірлі сайыстан туған өлкесі Өскеменге оралды.

Спортшы қызды жерлестері ерекше құрмет-қошеметпен қарсы алды. 

- Чемпионды қарсы алушылардың көңіл-күйі қалай?

Эльмира Ахметова, тілші: 

- Қайырлы күн, чемпиондар қаласы Өскемен бүгін ерекше көңіл күйде. Жеңіл атлетикадан ешкімге дес бермей, Азиада ойындарының кезекті алтын жүлдесін алып келген Ольга Рыпакованы жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды.

Қарсы алушылар арасында қала жастары, спортшылар мен облыс басшылары да болды. Талай байрақты бәсекеде көк туымызды көкке көтеріп келген спортшымыз қандай құрметке болсын лайық. Айта кетерлігі, Рыпакова Конституция күні мерекесінде елімізге тағы бір жеңіс сыйлады. Жакартада Ольга бірінші мәрте қарғып секіргенде 14, ал екіншісінде 14,26 метрді бағындырды. Бұндай көрсеткішке ешбір елдің спортшысы жете алмады. Қазір менің қасымда жеңімпаз жеңіл атлеттің қуанышын бөлісуге келген тұр. Азиада ойындарын тамашалаған екенсіз, Ольганың жеңісі қандай әсер қалдырды?

Елжан Қайырханов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің бөлім басшысы:

- Әрине мен енді спорттың басы қасында жүргендіктен әрбір жарысқа қатысқан жерлесіміз үшін қатты толқимын,ерекше ынтамен бақылаймын.Ольганың айтар жеңістері көп ғой. Бұл жолы тартыс мықты болды,сондықтан қызықты өтті. Дегенмен, Ольга Рыпаковаға үлкен сенім арттық, спортшы ел сенімінен шықты.

- Өскеменде осындай чемпионға еліктеушілер көп шығар?

Эльмира Ахметова, тілші: 

- Әрине өңірде қазірдің өзінде спорттың бұл түрімен бала айналысып жатыр. Жеңіл атлетикаға жаны құмар жастар үшін жабдықталған арнайы манеж бар. Мұнда бүгінде 500-ден астам жасөспірім спортпен шұғылданады, олардың біразы жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Жетістікке жеткендері де аз емес. Айта кетейік, бұл ғимарат дарынды спортшымыз Ольга Рыпакованың есімімен аталады.

Осы категория бойынша: « Еліміздің құрамасы Андорраны жеңе алмады Әлемде клиф дайвингтен жарыс өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы