374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада балғын велоспортшылардың үздіктері анықталуда

  • 149
  • UPD: 15:08, 15.09.2018
Астанада балғын велоспортшылардың үздіктері анықталуда

Биыл екінші рет «Олимпиадалық үміт» жарысы жасөспірімдер арасында «Сарыарқа» республикалық велотрег кешенінде анықталып жатыр.

Сайысқа 150-ге жуық бүлдіршін өтініш білдірген, ал жас категориясы бойынша 5-6 жастағы балалар қатысады. Аталмыш шараға 4 санат бойынша іріктеліп алынды. Олар мектепке дейінгі мекеменің рұқсаты, спорттық киімі және медициналық жарамдылығы,тағы қатысу туралы өтініш болса жеткілікті. «Жас буынға велоспорт түрін дамыту – салауатты өмір кепілі», – дейді ұйымдастырушылар.

Гүлдана Канапиянова, велоспорт дайындау орталығының баспасөз қызметкері:

– Өзінің жеңіске деген жігерлігі мен қабілетін көрсете білген жас бүлдіршіндерге біздің орталықтың және демеушілердің атынан мадақтама, түрлі сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

Осы категория бойынша: « Мемлекеттік қызметкерлер түскен доп додасы өз мәресіне жетті Сауль Альварес: Мен ашулымын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы