382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокс: Дамир Тойбай Буэнос-Айресте жартылай финалға шықты

  • 699
  • UPD: 07:50, 16.10.2018
Бокс: Дамир Тойбай Буэнос-Айресте жартылай финалға шықты

Қазақстандық боксшы Дамир Тойбай жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты.

Спортшы байрақты бәсекеде 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатыр. Ширек финалда ол самоалық Толауа Туигомала кездесуі керек еді. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты кездесуден бас тартып, жеңіс біздің спортшыға берілді. Жартылай финал ертең өтеді. Дамир канадалық Тетлуа Чуолмен қолғап түйістіреді.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы