378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баскетбол: «Астана» ойыншылары «Жұлдыздар матчының» кеңейтілген құрамына енді

  • 445
  • UPD: 23:01, 10.01.2019
Баскетбол: «Астана» ойыншылары «Жұлдыздар матчының» кеңейтілген құрамына енді Olympic.kz

17 ақпан күні Мәскеуде баскетболдан Біріккен ВТБ лигасында сынға түсетін спортшылар арасында «Жұлдыздар матчы» өтеді. Ұйымдастырушылар кеңейтілген тізімге «Астана» ойыншыларын да қосты деп жазады Olympic.kz. 

Атап айтар болсақ, «Астана» сапындағы қорғаушы Энтони Клеммонс және шабуылшылар Джей Джей О’Брайен мен Александр Жигулин бар.

Жанкүйерлер әлеуметтік желі арқылы «Жұлдыздар матчына» қатысатын баскетболшыларға дауыс беруде. 

Ойыншылар «Ресей жұлдыздары» және «Әлем жұлдыздары» болып екі топқа бөлінбек.

Хабар 24 телеарнасы