375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада теннистен Федерация кубогы жолындағы жарыс өтеді

  • 335
  • UPD: 12:02, 05.02.2019

Ертең Астанада теннистен Федерация кубогы жолындағы жарыс басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік топтың плей-офф жолдамасын Таиланд және Үндістан теннисшілерімен сарапқа салады. «Дәулет» спорт кешенінде өтетін сайысқа Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Галина Воскобоева және Гозаль Айнитдинова мен Анна Данилина қатысады. Ойындар 6-9 ақпан аралығында болады.

«Барыс» бабына енген секілді. Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне әлдеқашан жолдама алған команда шығыс конференциясында бірінші орынға таласып келеді. Кеше «Барыс» Башқұртстанның «Салауат Юлаевына» азу көрсетіп, овертаймда жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы