Ирландиялық файтер Конор МакГрегор бүгін кәсіпқой спорттан кеткенін мәлімдеген болатын.
Ережесіз жекпе-жек әлеміндегі үздік спортшының ел күтпеген шешімін көпшілік толассыз талқылап жатыр. Бірі оң шешім болды десе, бірі октагондағы «шоуменнің» шешіміне өкініш білдіруде.
Макгрегордың мәлімдемесі жарияланған соң, ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазба қалдырды.
— Джунглиде бір ғана патша болуы тиіс, — деп жазды Нурмагомедов. Оның бұл жазбасы көне қарсыласы Конорға арналған болуы тиіс.
Ақпарат көзі: prosports.kz