379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыс басылымы: Головкин WBO чемпионынын «тірідей жеп» қояды

  • 118
  • UPD: 18:10, 16.04.2019
Батыс басылымы: Головкин WBO чемпионынын «тірідей жеп» қояды prosports.kz

BadLeftHook басылымы бірінші орта салмақта WBO чемпионы Хайме Мунгуйяның қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте еш мүмкіндігі жоқ екенін жазды.

«Мунгуйя - Хоган жекпе-жегін тамашалаған кез келген адам мексикалықтың өткен жылғы Лиам Смитке қарсы жекпе-жегіндегі осал тұстарының әлі де бар екенін аңғарды. Әлі де болсын көп соққыны жібереді. Қорғанысы - «тесік». Қысқасы, Головкин 37 жасқа келсе де, оны «тірідей жеп» қояды. Хоган мен Смитке қарағанда Головкин әлдеқайда мықты», - деп жазды BadLeftHook басылымының журналисі Скотт Крайст.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы