378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Санчес Головкинмен келісімшартты бұзуының себебін айтты

  • 529
  • UPD: 10:34, 25.04.2019
Санчес Головкинмен келісімшартты бұзуының себебін айтты Today.kz

Америкалық бапкер Абель Санчес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен қарым-қатынасын үзуіне не себеп болғанын айтып, GGG-дің DAZN стриминг сервисімен келісімшартының қаржылық тұстарын ашты, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Бүгіннен бастап мен Геннадий Головкинмен жұмыс істемеймін. Тоғыз жыл бойы бірге керемет жұмыс істеп, рекордтар қойып, Даңқ залынан орын алып, DAZN-мен 100 миллион долларға келісімшарт жасасқаннан кейін ол жалақымды азайтуды ұсынды. Абыройым мен ар-намысым осылай алдануыма жол бермейді. Өкінішке қарай, ашкөздік пен сараңдық, сонымен қатар алғыс пен адалдықтың болмауы қарым-қатынасымызды үзуге алып келді», – деді Санчес Yahoo! Sports-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин мен Санчес 2010 жылдан бері жұмыс істеген болатын. Санчестің баптауымен Головкин соңғы жекпе-жегінде Сауль Альварестен ұтылып қалған еді.

Хабар 24 телеарнасы