378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында Жеңіс күніне орай дзюдодан халықаралық турнир өтті

  • 454
Түркістан облысында Жеңіс күніне орай дзюдодан халықаралық турнир өтті

Түркістан облысы Сарыағаш қаласында Жеңіс күні мерекесіне орай дзюдодан аудан әкімінің жүлдесі үшін халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған дәстүрлі жарысқа елімізден бөлек, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан және Тәжікстаннан 300-ден аса балуан қатысты. Жас өрендердің аяқ алысын байқау үшін Қазақстан құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов, есімдері елге таныс Базарбек Донбай мен Мұхтархан Ділдәбеков секілді ардагер спортшылар да Сарыағашқа арнайы келіпті. Жарысты ұйымдастырушы Бақтияр Құнақынов алдағы жылдары алыс-жақын Еуропа елдерінен де спортшылар шақыруды жоспарлап отырғандарын жеткізді. 

Бақтияр Құнақынов, жарысты ұйымдастырушы:

– Бүгінгі жарысқа олимпиада және әлем чемпиондары қатысып отыр. Сол жігіттердің көбі ауылдан шыққан.

Екі күн бойы «Нұрораз» спорт кешенінде 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен спортшылар арасында кіл мықтылар топ жарды. Бекасыл Бейсенбаев пен Дилшад Бектұрсын, Нұрасыл Есенгелді, Жаңабай Нышандардың шеберлігіне жұрт тәнті болды. Командалық есепте Шымкент қаласы бас жүлдені иеленді.

Хабар 24 телеарнасы