379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада алғаш рет еңбекшілер спартакиадасы өтті

  • 256
  • UPD: 14:05, 13.06.2019

12 саланың өкілдері бас қосқан Республикалық кешенді сынға 500-ден аса маман қатысты. Олар спорттың алты түрінен бәсекеге түсті.

Екі күнге созылған жарыста қатысушылар волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол және армреслингтен кім мықтыны анықтады. Шахматта Тау-кен саласының мамандары топ жарды. Зияткерлік ойынның тағы бір түрі - тоғызқұмалақта білім және ғылым саласының мамандары мықтылық танытты. Шағын футболда көлік қатынастары қызметкерлерінің командасы жеңіске жетті. Білектілер бәсекесінде "Энергетиктер" командасының күші басым болды. Энергетика саласының қызметкерлері волейбол мен үстел теннисінде де үздік шығып, жалпы командалық есепте спартакиада жеңімпазы атанды. Білім және ғылым командасы екінші орынға ие болса, көлік қатынастары саласының мамандары үздік үшіктен көрінді. "Спорттық-сауқтыру қоғамы ұйытқы болған спартакиаданың мақсаты - еңбекшілердің денсаулығын жақсартып, сала қызметкерлері арасындағы салауатты өмір салтын насихаттау" - дейді ұйымдастырушылар. 

Тастанбек Есентаев, спорттық-сауықтыру қоғамының басшысы:

- Еңбекшілердің күнделікті спортпен айналысуына, денсаулығын сақтап жақсартуға әрине бүгінгі құрылған «спорттық-сауықтыру қоғамы» айналысатын болады. Оның саны бүгінде алты миллионға жетіп отыр. Мен ойлаймын бүгінде ол маңызды деп. Спортпен айналысқан адам өзінің жұмысында да жан-жақты дамуына да өзінің әсерін көп тигізетіні мәлім. Сондықтан бірінші адами капитал, адамның өмірі мен денсаулығы тұр.

Биылғы маусымда жүлдесіз қалған «Реал» үлкен өзгерісті бастап кетті. Мадрид командасы құрамына жаңа ойыншылар алып жатыр. Корольдік клубтың қатарына француз қорғаушысы Ферлан Менди қосылды. «Лион» командасының футболшысы «Реалмен» алты жылға келісім-шартқа отырды. Менди өткен маусымда 44 матчқа қатысып, үш доп соқты. Француз қорғаушысы «Сантьяго Бернабеуге» 19 маусымда келеді. Ақпарат құралдарының мәліметінше, «Реал» 24 жастағы ойыншысы «Лионнан» 50 миллион еуроға сатып алыпты.

Британдық теннисші Энди Маррей жарақаттың зардабын әлі тартып жүр. Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы жылдың аяғына дейін жекелей сындағы жарыстарға қатысуды көздейді. «Үлкен шлем» жарыстарының үш дүркін чемпионы жыл басында жамбас буындарына операция жасатқан болатын. Қазір ол Квинс клаб турнирінің жұптық сынында өнер көрсетуге келді. Жарыс алдағы дүйсенбіде басталады. Маррей бұл турнирде Испаниялық Фелисиано Лопеспен жұп құрады.

Хабар 24 телеарнасы