389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда параплан спортынан әлем біріншілігі басталды

  • 460
  • UPD: 14:33, 28.06.2019

Алматы облысында параплан спортынан әлем кубогі сарапқа салына бастады. Дүниежүзілік додаға әлемнің 24 елінен 120 спортшы қатысып жатыр.

Осымен екінші жыл қатарынан Ескелді ауданы Екпінді ауылында өткізіліп отырған байрақты бәсеке туралы меншікті тілшіміз Шыңғыс Қалиден айтып береді. Ол қазір бізбен тікелей эфирге шығады.

- Әлем біріншілігі қалай өтіп жатыр? 

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Рахмет. Әлем біріншілігі тартысты әрі қызықты өтіп жатыр. Төрткүл дүниенің кіл мықты спортшылары Жетісу Алатауында бар өнерін көрсетуде. Солардың қатарында параплан спорты мықты дамыған Индонезия, Словения, Қытай, Корея, Чехияның командалары да бар.

Десе де, өзге  мемлекеттің өкілдері де осал емес. Олар бірнеше күн бұрын осы жерде өткен Қабанбай батыр турнирі мен Азия чемпионатында бағын сынаған болатын. Сол құрлықтық бәсекеде отандастарымыз екінші орын алды. Ал, дүниежүзілік додада жерлестеріміз қалай өнер көрсетіп жатыр екен? Бұл туралы  менің қасымда тұрған Алмас Ахметов айтып береді. Алмас біздің команданың аяқ алысы қалай?

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Кейінгі жылдары параплан спорты елімізде қарқынды дамып келеді. Жыл сайын түрлі жарыстар өткізіледі. Мәселен, былтыр да дәл осы жерде Әлем кубогі сарапқа салынған еді. Сол кезде жерлестеріміз жарысты 8 ші орынмен аяқтаған болатын. Биыл сол нәтижелерін жақсартып, жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз. Жарыс үш күнге жалғасып, соның нәтижесі бойынша жеңіпаздар анықталмақ.  Жалпы, зеңгір көкте қалықтап, Жетісудың  көз тартатын көркем табиғатын әуеден тамашалау кімді болсын қызықтыратыны анық. Бізде осы мүмкіндікті пайдаланып, парапланмен ұшып көрмекпіз.

Хабар 24 телеарнасы