389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы елордада жекпе-жек сарайын ашты

  • 535
  • UPD: 19:51, 06.07.2019
Мемлекет басшысы елордада жекпе-жек сарайын ашты Vesti.kz

Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының ұйымдастыруымен жаңа «Jekpe-Jek» сарайында Елорда күніне және Жастар жылына орай жауынгерлік өнер фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Салтанатты шарада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас жауынгерлердің өнерін тамашалауда.

Жас саңлақтар спорттың самбо, бокс, каратэ сияқты басқа да жекпе-жек түрлерінен өнер көрсетіп жатыр.

Айта кетсек, Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы 2018 жылы Елбасының қолдауымен құрылған болатын. Оның құрамында 20-дан аса федерация, 200 мыңнан аса спортшы бар.

Аталған қауымдастық мамыр айынан бері еліміздің 16 өңірінде осындай фестиваль өткізіп, бүгін ол елордада қорытындыланып отыр.

«Мемлекетіміздің тікелей қолдауымен еліміздің спорт саласы аяғынан нық тұрды деп айтуға болады. Елбасының қолдауымен салынып, бүгін есігін айқара ашып отырған Жекпе-жек сарайының ашылуымен құттықтаймын. Спортшыларға сәттілік тілеймін. Елордамыздың да туған күні құтты болсын», - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова салтанатты шараның ашылуында.

Өз кезегінде Халықаралық спорт федерациясы әлемдік спорт қауымдастығының вице-президенті Стефан Фокс:

«Осы шараға қатысу – мен үшін үлкен абырой. Баршаңызды қала күнімен және осындай мерекенің өтуімен құттықтаймын. 2022 жылы самбо мен муай-тай спорт түрінен әлемдік доданың Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін болды. Құтты болсын!» - деді.

Спорт кеші муай-тай жекпе-жегінің додасына ұласты.

Хабар 24 телеарнасы