384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сұлтан Зауырбек грузиялық боксшыны нокаутпен жеңді

  • 247
  • UPD: 22:23, 06.07.2019
Сұлтан Зауырбек грузиялық боксшыны нокаутпен жеңді prosports.kz

Елордада өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде қазақ жігіттерінің мерейі үстем болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқылардың бірі болып шаршы алаңға шыққан Абай Төлеш ауғанстандық Алладед Рахимиден ұпай санымен басым түссе, Әбілхайыр Шегалиев әзірбайжандық Элвин Ахундзаданың осал тұсын тапты. 24 жастағы жерлесіміз қарсыласын екі мәрте есеңгіреткенін айта кетейік. Сұлтан Зауырбек Грузиядан келген Георги Гачечиладзені жеңді. Жекпе-жек техникалық нокаутпен аяқталды. Әли Балоев те кәсіби шаршы алаңдағы жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық боксшы бразилиялық Хэмилтон Вентурадан айласын асырды.

Кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров Аргентиналық Мауро Годоймен WBO Inter-Continental тұжырымының белбеуін сарапқа салады. Сонымен қатар WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы француз Нордин Оубали өз атағын қорғайды. Оның қарсыласы - филиппиндік Артур Вильянуэве.

Хабар 24 телеарнасы