386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Василий Левит: Өз ойлағанымның 60 пайызы ғана іске асты

  • 167
  • UPD: 23:52, 21.07.2019
Василий Левит: Өз ойлағанымның 60 пайызы ғана іске асты

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында бокстан Президент кубогы халықаралық турнирі аяқталды.

Жарыс жеңімпаздарының арасында 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левит те бар, деп жазады olympic.kz.

«Өкінішке қарай, ойымдағыны түгелдей жүзеге асырудың реті келмеді. Ойлаған жоспарымның 60 пайызы ғана іске асты. Толық бабыма енген жоқпын. Бапкерлермен бірге атқаратын жұмыс көп. Әрі қарай жаттығамыз», – деді Левит финалдан соң.

Василий Левит турнирдің ақтық сынында жас боксшы Айбек Оралбайды жеңді.

Қазақстан командасы жарысты 18 жүлдемен аяқтады.

Хабар 24 телеарнасы