387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бокс құрамасы кубалықтармен бірлесіп жаттығу өткізуде

  • 153
  • UPD: 11:53, 08.09.2019
Еліміздің бокс құрамасы кубалықтармен бірлесіп жаттығу өткізуде

Бокстан Қазақстан командасы кеше әлем чемпионатына қатысу үшін Екатеринбургке (Ресей) аттанған болатын.

Бүгін спортшыларымыз біріншілік қарсаңындағы дайындыққа кірісіп кетті деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстандық боксшыдар чемпионат алдындағы дайындықты кубалықтармен бірлесіп жүргізуде. Атап айтар болсақ, әлем және Олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Круз, Иглесиас Сотолонго, Йосвания Вейтия, Альварес Эстарада сынды танымал боксшылар Қазақстан командасымен бірге жаттығуда. 

Айта кетелік, бокстан әлем чемпионаты 9 қыркүйек күні басталады. Боксшылар сегіз салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлері анықтайтын болады.

 

Хабар 24 телеарнасы