384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда әлем кубогінің жеңімпазына құрмет көрсетілді

  • 212
  • UPD: 12:24, 25.10.2019
Талдықорғанда әлем кубогінің жеңімпазына құрмет көрсетілді

Талдықорғандықтар қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогінің жеңімпазы Жандос Асқарбекұлын қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төрткүл дүниенің кіл мықтылары бақ сынаған дода Германияның Лейпциг қаласында өткен болатын. Байрақты бәсекеге еліміздің атынан 7 спортшы қатысты. Олар бір алтын, екі күміс және төрт қола медаль еншілеп, командалық есепте үшінші орын алды. Ал жекелеген сында Жандос Асқарбекұлы ғана жеңімпаз атанды. Ол 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан. 7 жылдан бері осы спортпен шұғылданып келе жатқан саңлақ бұған дейін де талай жарыстарда топ жарды. Оны күрес және бокстың білікті мамандары жаттықтырады. Спорт жанкүйерлері көк туымызды көтеріп, әнұранды асқақтатқан жеңімпазға құрмет көрсетті. 

Жандос Асқарбекұлы, жекпе жектен әлем кубогінің жеңімпазы:

– 50 команда, 200-ден аса спортшы болды. Бірінші қарсыласымыз поляк жігіті болды. Екіншісі – Өзбекстан азаматы. Финалда Ресей жігітін ұттық. Нәтижесінде бірінші орын алдық. Алдымызда Президент кубогі бар. Соған дайындаламыз. Нұрсұлтан қаласында өтеді. Мақсатым – ұту.

Тортай Ізбасқанов, Еркін ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

– Мемлекетімізді дүние жүзіне танытатын осындай спортшылар көбейе берсін. Қазақтың балалары қандай екенін әлем білсін.

Хабар 24 телеарнасы