419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде үздік 15 боксшының қатарына енді

  • 1008
  • UPD: 10:03, 12.11.2019
Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде үздік 15 боксшының қатарына енді © instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) титулды жекпе-жекте қарсыласын нокаутпен жеңгеннен кейін Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ТОП-15 рейтингіне кірді, деп хабарлады Vesti.kz.

Өткен демалыста Фреснодағы Chukchansi Park аренасында Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен кездесті. Жекпе-жек он раундқа есептелген еді, бірақ алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға, кейін нокаутқа түсірді.

Жәнібек WBC ұйымының ТОП-15 рейтингінде 15-ші орынға көтерілді. 

Осылайша Әлімханұлы титулын қорғап, сегіз жекпе-жегінің бәрін жеңіспен аяқтады, оның төртеуінде нокаутпен жеңді. Ал Онолуносе 24 рет жеңіп, бір рет тең түсіп, үшінші рет жеңілген.

Хабар 24 телеарнасы