439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада волейболдан ЖОО арасындағы үздік команда анықталды

  • 181
  • UPD: 14:53, 20.02.2020

Елордада волейболдан жоғарғы оқу орындары арасындағы үздік команда анықталды. 

Биылғы универсиада аясында 10 ерлер және 8 қыздар құрамасы өзара сынға түскен еді. Бірнеше аптаға созылған жарыс нәтижесінде Еуразия Ұлттық Университеті, Назарбаев және Медициналық университет спортшыларына тең келер ешкім болмады. Енді студенттер алдағы уақытта басқа спорт түрлері бойынша сайыстарға қатысады. Бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы бұл жолғы жарыс бағдарламасына 16 бағытты қосқан. Оның ішінде қазақ күресі мен асық ату сияқты ұлттық ойындар да бар. 

Дәулет Хамзин, жарыстың бас төрешісі:

- Осы волейбол жарысымыз 2 топқа бөлінген. А және В тобы. А тобында өте мықты комадналар. Осы топтва 4-орын ағлан команда В тобына шығып қалады. Ал В тобында бірінші орын алған комадна келесі универсиада А тобына шығады. Осы спортшылар арасынан жақсы спортшылар көреміз ба деп, сондай мақсатпен өткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы