476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ХОК Токио Олимпиадасын кейінге шегеруді жоспарлап отырған жоқ

  • 703
ХОК Токио Олимпиадасын кейінге шегеруді жоспарлап отырған жоқ u-f.ru

Халықаралық олимпиада комитеті Токиодағы кешенді сынды кейінге шегеруді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ұйым президенті Томас Бах мәлімдеді. Шығыс Азия аймағында коронавирус індетінің кең етек жаюына байланысты спорттық сайыстарды тоқтату жайында әңгімелер айтыла бастаған еді. Олимпиаданы ұйымдастырушы тарап та шұғыл жиын өткізіп, қазіргі жағдайды бақылап отырғанындарын жеткізді. Халықаралық олимпиада комитеті ойындардың уақытында өтетініне сенімді. Томас Бахтың айтуынша, атқарушы комитеттің отырысында кейінге шегеру мәселесі туралы сөз болған жоқ. Қазір арнайы жұмыс тобы Токиодағы әріптестерімен жағдайды қадағалап отыр. Олар індет ауыздықталып, күрделі ахуал реттелетініне сенімді.

Хабар 24 телеарнасы