423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен айқастан бас тартты

  • 437
  • UPD: 16:26, 02.04.2020
Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен айқастан бас тартты Реальное время

Аралас жекпе-жектің көптеген жанкүйерлері америкалық Тони Фергюсонға қарсы кездесуден бас тартқан ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің мәлімдемесінен соң наразылықтарын білдіріп жатыр. 

Twitter желісіндегі қолданушылар енді файтерді UFC чемпионы атағынан айыруды талап етіп отыр, деп жазады vesti.kz. 

Хабиб коронавирус пандемиясына байланысты карантин ережелерін сақтап, жекпе-жектен бас тартатынын мәлімдеді. Ал жанкүйерлер Нурмагомедов 18 сәуірге белгіленген UFC 249 турниріне кедергісіз қатыса алатын еді деген ойда. Бұл негізсіз де емес: Фергюсон мен Нурмагомедов қазіргі таңда екі бөлек елде. Дегенмен шекаралар жабық болғанына қарамастан, «Росавиация» ел азаматтары бизнес-авиация желісімен кез келген бағытқа ұша алатынын хабарлаған.

Хабар 24 телеарнасы