429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккейден ұлттық құраманың бұрынғы капитаны АҚШ-та қала мэрі атанды

  • 310
  • UPD: 11:44, 11.06.2020
Хоккейден ұлттық құраманың бұрынғы капитаны АҚШ-та қала мэрі атанды

Хоккейден ұлттық құраманың капитаны АҚШ-та қала мэрі атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірер жыл бұрын ғана кәсіпқой мансабын аяқтаған Брэндон Боченски туған жеріне оралып, Гранд-Форкс қаласының әкімі болып сайланды. Шаһар Солтүстік Дакот штатында орналасқан және 50 мыңға жуық тұрғыны бар. Сайлау нәтижесінде Брэндон 50 процент дауысқа ие болды. Ал оның басты қарсыласы Майк Браун көрсеткіші – 32 процент. Айта кетейік, Брэндон Боченски спорттық мансабын АҚШ-тағы Ұлттық хоккей лигасынан бастады. Ал, елордалық «Барыс» клубының сапына 2010 жылы қосылды. Одан кейін Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада 15 матч өткізген. 

Брэндон Боченски, хоккейден ұлттық құраманың бұрынғы капитаны:

– Осындай жетістікке жеткенімізге қуаныштымыз. Біздің команда соңғы 5 ай көлемінде біраз жұмыс атқарды.Қалаға кәдімгідей өзгеріс қажет екен. Оны жергілікті тұрғындар да жиі айтады. Ал енді мен және менің әріптестерім оны жүзеге астыруға ниетті.

Хабар 24 телеарнасы