420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА сапындағы алғашқы ойынын өткізді

  • 139
  • UPD: 11:09, 27.08.2020
Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА сапындағы алғашқы ойынын өткізді фото: vesti.kz

Мәскеулік клуб сырт алаңда «Краснодар» командасымен кездескен еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерлесіміз ойынның 54-минутында алаңға шықты. Ол шабуылшы Фёдор Чаловты алмастырды. Матчтың өзі 1:1 есебімен аяқталды. Айта кетейік, қазақстандық жартылай қорғаушы екі күн бұрын ғана ЦСКА сапына қосылды. Қос тарап арасындағы келісім 5 жылға есептелген. Бақтияр 19-нөмірде өнер көрсетеді. Бұған дейін ол тағы бір ресейлік «Ростов» командасында ойнаған болатын. Оның қатарында 35 матч өткізіп, 2 рет мергендігімен көзге түсті.

«Тур де Франс» көпкүндігінде «Астана» клубының да спортшылары бақ сынайды

Бірер күннен кейін велоспорт әлеміндегі ең белді жарыс – «Тур де Франс» басталады. 20 қыркүйекке дейін созылатын көпкүндікте «Астана» клубының да спортшылары бақ сынайды. Биылғы жарыста қазақстандық клуб намысын Алексей Луценко, Мигель Анхель Лопес және Луис Леон Санчес сияқты спортшылар қорғайды. Бас-аяғы 7 спортшы қатысушылар тізіміне ілікті.

Мессиді қай клуб алады?

«Пари Сен-Жермен» Мессиді сатып алмайды. Франциялық басылымдар осындай ақпарат таратып жатыр. Өйткені париждік клуб қазір қорғаушы мен жартылай қорғаушыларды іздеуге басымдық береді. Ал, шабуыл шебіне осы жазда «Интер» ойыншысы Мауро Икардиді сатып алды. Оған 50 миллион еуро жұмсауға тура келді. Ал, италиялық басылымдар «Манчестер Юнайтед» пен Месси әкесі Хорхе арасында келісім жүріп жатқанын алға тартады.Аргентиналық жанкүйерлер болса, Мессидің «Манчестер Сити» сапына қослығанын қалайды. Айта кетейік, Лионель Месси күні кеше «Барселонадан» кететінін мәлімдеді. Ал, каталондық клуб келісімшартты уақытан бұрын бұзғаны үшін 700 миллион еуро сұрап отыр.

Джокович жарытлай финалға шықты

АҚШ-та теннис турнирі қыза түсті. Карантин кесірінен кейінге қалдырылған жарыс дәл қазір Нью-Йорк қаласында өтіп жатыр. Оған қатысушылар арасында жерлесіміз Александр Бублик те бар. Қаақстандық теннисші алғашқы айналымда Карен Хачановқа есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Ал, бас жүлдені Новак Джокович, Роберто Баутиста-Агут сияқты мықтылар сарапқа салады. Сербиялық Новак Джокович ширек финалда германиялық Ян-Леннард Штруффпен жолықты. 65 минутқа созылған кездесу алғашқысының айқын басымдығымен аяқталды. Ал, испаниялық Роберто Баутиста-Агут жоғарыда айтқан Карен Хачановты ұтып, жартылай финалға шықты. Жарыстың жалпы қорытындысы аптаның соңында белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы