431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дзюдодан биылғы Азия чемпионаты қарашада өтуі мүмкін

  • 156
  • UPD: 11:54, 11.09.2020
Дзюдодан биылғы Азия чемпионаты қарашада өтуі мүмкін

Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы 2020 жылғы Азия чемпионаты қарашада өтуі мүмкін, деп хабарлады Olympic.kz.

Азия дзюдо одағының мәліметі бойынша, құрлықтық біріншілік Моңғолия астанасы Ұланбатор қаласында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетерлігі, Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесі бойынша аталған біріншілік 2020 жылдың 18-20 сәуір күндерінде өтуі керек еді. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс кейінге шегерілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы