424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баскетболдан Қазақстан кубогы аяқталды

  • 56
  • UPD: 11:21, 20.11.2020
Баскетболдан Қазақстан кубогы аяқталды

«Астана» 8-інші мәрте ел үздігі атанды.

Баскетболдан Қазақстан кубогы аяқталдыфыефтф. Финалда елордалық «Астана» мен қостанайлық «Тобыл» жолыққан болатын. Қорытындысы есеп: 66:102.

Осылайша «Астана» кубок иегері атанса, «Тобыл» екінші жыл қатарынан күміс жүлдеге ие болды. Үздік үштікті атыраулық клуб түйіндеді.

 

Шымкентте мергендер сайысы жалғасып жатыр

Бүгін – соңғы жарыс күні. Бұған дейін қысқа калибрлі тапанша мен пневматикалық винтовкадан ату бойынша бәсекелер өтті. Кейінгісінде шымкенттік Андрей Худяков жеңімпаз атанды. Әйелдер арасындағы сында тағы бір шымкенттік Елизавета Безрукова топ жарды. Тапаншамен атуда Алматы және Қарағанды спортшыларына тең келер ешкім болмады. Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты ересектер арасында ғана өтіп жатыр. Ал жастар және жасөспірімдер арасындағы дода қалыптасқан жағдайға байланысты биыл болмайды. Негізі спорттың дәл осы түрі олимпиада бағдарламасында бар. Сондықтан чемпионат қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, жолдамаға таласты жалғастырады. Дәл қазір ұлттық құрама еншісінде бір лицензия бар. Оны Юрий Юрков жеңіп алды.

 

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода аяқталды

Айсамал Сансызбаева – әлем кубогының ең үздік спортшысы. Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода аяқталды. Бұл жолғы бәсекеге онлайн форматта ұйымдастырылды және оған 61 елдің өкілдері қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте алдыңғы бестікке кірді. Яғни жерлестеріміз арасынан Аблай Әуелханов, Рахат Бекболат және Айсамал Сансызбаевалар өз салмақ дәрежелерінде қарсылас шақ келтірмеді. Әсіресе соңғысы 81 келіден жоғарылар арасында топ жарып, төрешілер шешімімен жарыстың ең үздік спортшысы деген атақ алды. Бұдан бөлек ұлттық құраа қоржынында қос қола жүлде бар. Оны 64 келіге дейінгілер арасында Гүлнұр Ыбырай мен 102 келіден жоғарылар арасында Жаңали Тұяқов жеңіп алды.

 

«Барыс» тағы ұтылды

«Барыс» тағы да есе жіберді. Құрлықтық Лига аясында елордалық клуб омбылық «Авангардпен» жолыққан еді. Матч Нұр-Сұлтан қаласында өтті және онда жеті бірдей шайба соғылды. Алғашқы кезеңде қонақтар үш рет мергендігімен көзге түсті. Артынша Якоб Лилья есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ екінші және үшінші кезеңдерде Омбы хоккейшілері басымдықты бермеді. Осылайша қорытынды есепті 2:5-ке жеткізді. Айта кету керек, «Барыс» осымен үшінші ойын қатарынан жеңіліп отыр. Салдарынан Шығыс конфедерациясының 8-сатысына жайғасты. Енді қазақстандық клуб сырт алаңдағы матчтар сериясын бастайды. Юрий Михайлис баптайтын жігіттер жексенбі күні Уфа қаласында «Салават Юлаев» клубымен кездеседі.

 

 

Хабар 24 телеарнасы