DAZN стримингтік жүйесі Холливудта өтетін бокс кешінің басталатын уақытын жариялады.
Аталмыш кештің басты жекпе-жегінде Геннадий Головкин шығады.
Қазақстандық боксшы орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерін поляк Камил Шереметаға қарсы жекпе-жекте қорғайды.
Бокс кеші 19 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 4:00-де басталады. Ал кештің басты жекпе-жегі 7:00-де өтеді, деп хабарлайды prosports.kz.