420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХЛ: «Барыс» Новосібірдің «Сибирь» командасынан ұтылды

  • 170
  • UPD: 12:32, 29.12.2020
ҚХЛ: «Барыс» Новосібірдің «Сибирь» командасынан ұтылды фото: sports.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы УЕФА рейтингінде төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрама еншісінде 2097-ден астам ұпай бар. Айта кетейік, біздің ойыншылар былтыр да маусымды дәл осындай көрсеткішпен аяқтаған еді. Ал көш басында – Испания. Үздік үштікті Португалия мен Ресей аяқдопшылары түйіндейді.

Құрлықтық хоккей лигасында елордалық «Барыс» Новосібірдің «Сибирь» командасынан ұтылды. Есеп: 1:3. Қазақстандық клуб бірден ойын тізгінін өз қолына алды. Шабуылшы Мэтт Фрэттин алғашқы минуттарда есеп ашып, жанкүйерлерге үміт сыйлады. Алайда қуаныш ұзаққа созылмады. Тіс қаққан ресейлік хоккейшілер екінші және үшінші кезеңдерде қатарынан үш шайба салып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазір Юрий Михайлестің шәкірттері «Шығыс» конференциясында 43 ұпаймен 8-орынға тұрақтады.

***

АПЛ: «Манчестер Сити» ойыншылары вирус жұқтырды

Ағылшын Премьер-лигасының 16-туры аясында «Эвертон» «Манчестер Ситимен» ойын өткізуі тиіс еді. Алайда «қалалықтардан» коронавирус анықталды. Нақтыласақ, жұма күні шабуылшы Габриэль Жезус, қорғаушы Кайл Уолкер және клубтың тағы екі қызметкері коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Премьер-Лига қос тараппен кеңескеннен кейін матчты кейінге қалдыру туралы шешім шығарды. Дертке шалдыққан ойыншылар Англия Премьер-лигасының және Ұлыбритания үкіметінің хаттамасына сәйкес өзін өзі оқшаулады.

***

Хоккейден Қазақстан чемпионаты

Хоккейден ел біріншілігінде елордалық «Номад» Рудныйдың «Горняк» командасымен қайта кездесті. «Көшпенділер» ә дегеннен ойынды қарқынды бастады. Алдымен қорғаушы Артем Королев мергендік танытты. Артынша шабуылшы Дмитрий Гренц екі мәрте шайба салды. Осылайша, Александр Высоцкийдің шәкірттері 3:1 есебімен қарсыласынан басым түсіп, жарыс көшбасшысы атанды.

Ал «Снежный Барс» ойыншылары шаң қауып қалды. Қарағандының «Сарыарқа» командасымен кездесуінде қақпасына сегіз шайба өткізіп алды. Қарсыласын айқын басымдықпен ұтқан «Сарыарқа» турнир кестесінде 3-орынға жайғасты.

Хабар 24 телеарнасы