405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрікмен этномәдени орталығының өкілдері Жолдауға қатысты пікірлерін білдірді

  • 560
  • UPD: 19:50, 11.02.2017

Еліміздегі түрікмен этномәдени орталығының өкілдері елде іске асқалы жатқан жаңа конституциялық реформа мен экономиканы технологиялық тұрғыдан жаңғырту бағдарламасы Қазақстандағы тұрмыс деңгейін жақсартады деген сенімде.

Алматыдағы Достық үйінде Елбасы Жолдауын талқылауға жиналғандар, әсіресе, елдегі ауыл шаруашылығы саласында жаңа бастамалар қабылданатынына қуана қолдау білдірді. Олар ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, ортақ іске жұмылдыратын кооперативтер құрудың пайдасын пайымдап отыр. Диқандар «Елбасы Жолдауындағы ауыл шаруашылығының ахуалын жақсартуға негізделген мақсат-міндеттер елдегі жалпы ішкі өсімнің артуын қамтамасыз етіп, отандық тауар мен экспорт көлемін арттыруға соны серпін береді», - дейді.

Нұрмұхан Боранбаев, түрікмен этномәдени орталығы басшысының орынбасары:

- Кішкене қожалықтағылардың күші жетпей жатыр. Солардың бәрін біріктірсек, Қазақстан үлкен бір дүниені бағатын елге айналатынына күмәнім жоқ. Соған сенемін.

Хабар 24 телеарнасы