389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің негізгі заңын өзгерту күнде құбылып, дамып жатқан заманға сай болу үшін қажет

  • 1458
  • UPD: 20:43, 13.03.2017

Конституцияға енгізілген өзгерістер қазіргі басқару жүйесін жаңғырта отырып, мемлекетіміздің жүйелі дамуына ықпал етеді.

Қоғам бір ай көлемінде қызу талқылаған құжатқа мемлекет басшысы жария түрде қол қойды. Құжат жобасы Парламентте де талқыдан өткенін атап өткен абзал. Бүгін Сенат депутаттары соңғы өзгерістерге байланысты пікір білдірді. Заң арқылы билік тармақтары өкілеттерінің қайта нақтылануы елдің ертеңі үшін маңызды деді олар. Өйткені Үкіметтің дербестігі артып, жауапкершілігі күшейеді. Еліміздің негізгі заңын өзгерту күнде құбылып, дамып жатқан заманға сай болу үшін қажет. Депутаттар пайымы осындай.

Жабал Ерғалиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазақстанның бір ерекшелігі бар. Елбасының арқасында біз мына алдымызды болжауды үйреніп келе жатқан елміз. Бұл біздің мемлекетшіл қоғам екенімізді еліміздің болашағы үшін баршамыз жауапты екендігімізді көрсетеді. Біз енді 21 ғасырға жаңа Конституциялық өзгерістер мен жаңа толықтырулар мен жаңа модельмен аяқ басып отырған жағдаймыз бар. Сондықтан бұл тарихи құжаттың Қазақстан үшін оның бүгіні мен болашағы үшін 30 елдің қатарына қосылып, мәңгілік ел болуда аса маңызы бар деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы