Предупреждение
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 106
378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Мемлекет басшысы Успен кафедралды соборында өткен арнайы рәсімге қатысты

  • 731
  • UPD: 20:25, 07.01.2019

Бүгін – әлемдегі барша православ христиандары үшін қасиетті күн. Елімізде осы діни бағытты ұстанушылар бүгін шіркеулер мен соборларда өткен арнайы рәсімдерге қатысып, Рождество мерекесін атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың біріне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барып, келушілерді мейірім мен сүйіспеншілікті дәріптейтін мейраммен құттықтады.

Қасиетті Успен кафедралдық соборы – Астанадағы православ христиандары үшін қасиетті орындардың бірі. Сәулеттік үлгісі ерекше нысанның ішкі безендірілуі де көздің жауын алады. Биыл мұндағы мерекелік рәсімге мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Я пришел, чтобы вас сердечно поздравить со светлым праздником. Сегодня весь Казахстан, все представители конфессий и этносов отмечают праздник так же, как мы отмечаем и Курбан айт. Я поздравляю Вас, Ваше Святейшество, с этим праздником. С ним связано добро, благополучие, когда прощаются старые обиды, люди помогают друг другу и возносят молитвы.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері толеранттылық ұғымын алдыңғы қатарға қойып келеді. Сол арқылы жер жаһанға бейбітсүйгіш ел ретінде танылды. Жаһандық дінаралық татулықты сақтауға да өзіндік үлес қосты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– С первых дней независомости я проводил работу, благодаря вашей поддержке мы живем в дружбе, благополучии, доверии всех этносов. Именно благодаря единству мы достигли того, что достигли. Развивалась экономика, по мере возможности повышали благосостояние.

Елімізде православ христиандарының тарихы 1860 жылдан бастау алады. Яғни сол уақыттан бері олар да қазақ жерінде өзгелермен бірге тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бог один, познания и постижения у каждого разные. Но вечные ценности добра, единства, благополучия, взаимопонимания - всегда едины для всех. У нас Казахстан таков. Православие имеет большую историю. Впервые оно появилось в 1860 году, в Туркестане. Согласие, взаимная любовь есть в нашей стране. Поэтому с восхищением на нас все смотрят. Поэтому единственным место сбора религий традиционных происходит в Казахстане. Шестой съезд прошел в прошлом году. И под единым флагом. Все православные перед рождеством молились и просили здоровья близким, спокойствия стране. Пусть эти молитвы будут услышены. Еще раз поздравляю. Желаю благополучия всем православным христианам страны.

Арнайы рәсім барысында Мемлекет басшысына православ христиандарының дәстүрлі сыйы тарту етілді.

Александр, Астана және Қазақстан метрополиті:

– Қазақстандағы дәстүрлі діндердің даму үлгісі сіздің арқаңызда қалыптасты және ұлы құндылығымызға айналды. Қазір көрші мемлекеттер еліміздің барлық жетістігіне қызыға қарайды. Сондықтан сізге зор алғысымызды білдіреміз.

Рождество мерекесі әлемнің 100-ге тарта елінде атап өтіледі. Бұл күнде еліміздегі барлық ғибадатханалар безендіріліп, келушілердің мінәжат етуіне жайлы жағдай жасалады. Шара соңында Мемлекет басшысы Православ Шіркеуі Рухани-мәдени орталығының дін жолында құрбан болғандар мен дін таратушылар музейінің экспозициясын аралап көрді.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Ержан Қанапияұлы

Телеканал Хабар 24