375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Алматыда жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауы өтуде

  • 280
Алматыда жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауы өтуде

Алматыда оқушылар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүрлі конкурс 16 ақпанға дейін жалғасады. Бұған дейін мектепаралық, аудандық, облыстық деңгейде өткен білім байқауының қорытынды кезеңіне 625 ғылыми жоба іріктелген. Республиканың 157 мектебінен келген 811 жас зерттеуші қазылар алқасының алдында өз жобаларын қорғамақ. Байқау ашық әрі айқын өтуі үшін оқушылардың ғылыми жобаларды қорғау барысы онлайн трансляцияда көрсетіледі.

Эльмира Сұханбердиева, Білім және ғылым вице-министрі:

– Бұл байқау 20 жыл бойы өткізіліп келе жатыр. Бірақ бірінші рет онлайн-трансляция түрінде өтуде. Ата-аналарға сілтемені бердік, сол арқылы балалардың дайындығын, байқаудың өту барысын көреді.

Телеканал Хабар 24