377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы халыққа үндеу жариялады

  • 206
  • UPD: 18:15, 25.03.2019

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясы халыққа арналған үндеуін жария етті.

Осылайша елдегі ірі саяси ұйымдардың өкілдері елордаға тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруге, қазақстандықтарды қолдау көрсетуге шақырды. Атап өтейік, жалпыұлттық коалиция 6 жарым миллион қазақстандықтың мүддесін біріктіреді. Кезекті отырыстарында саяси партиялардың жетекшілері мен мүшелері кең отырып кеңесті. Тарихи тақырып төңірегінде түрлі пікірлерін білдірді.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Жалпы Қазақстан халқы үшін Елбасының есімі Мемлекеттіклік, егемендік, Тәуелсіздік деген сөздермен бір қатарда тұрады. Қазірдің өзінде тұңғыш Президентіміздің есімін тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы барлық реформалардың авторы ретінде тарихымызда алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз.

Телеканал Хабар 24