384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қостанай облысында кенеттен қар жауды

  • 629
  • UPD: 09:40, 17.04.2019
Қостанай облысында кенеттен қар жауды

Қала тұрғындары кенеттен жауған қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатыр.

«Күн шайдай ашық еді. Таң ата жел күрт күшейіп, бұрқасын соқты. Небәрі 2 сағатта айналаны қар басты. Қазір борандатып тұр. Алыс жолға шықсақ көлігіміздің доңғалағын ауыстыру қажет», - дейді қала тұрғыны Бердіболат Сағындық.

Қазгидромет орталығының Қостанай облысындағы филиалы облыс аумағында желдің жылдамдығы секундына 28 метр болатынын ескерткен еді. Қазір сынап бағанасы -3 градусты көрсетіп тұр. Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, түнде ол -8 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

inform.kz

Телеканал Хабар 24