379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Nur Otan партиясының мүшелері «Құтты мекен» жобасының іске асу барысымен танысты

  • 212
  • UPD: 21:02, 20.04.2019
Nur Otan партиясының мүшелері «Құтты мекен» жобасының іске асу барысымен танысты

«Нұр Отан» партиясы бақылау қызметінің инспекторлары «Құтты мекен» ұлттық жобасының Алматы облысында іске асырылу барысымен танысты.

Дәлірек айтсақ, партия мүшелері Алматы-Бішкек халықаралық автодәлізінің 63 шақырымында жаңадан салынып жатқан тас жолдың құрылысын көрді. Бұл жол Батыс Еуропа-Батыс Қытай магистралінің бір бөлігі. 37 шақырым жолды жөндеуге жауапты мердігер мекеменің басшылығымен кездескен  инспекторлар құрылыс барысында жергілікті тұрғындардың өтініштерін ескерусіз қалдырмау керектігін қаперге салды. Жол құрылысы аяқталған соң, оның бойында орналасқан ауылдарда бейберекет сауда жасау шектелмек. Есесіне жолушыларға бір мезет тоқтап, демалатын орын қарастырылады. Бұл ретте күре жол бойынан нәпақасын тауып отырған жергілікті халыққа жағдай жасалуы тиіс, деді партия өкілдері.

Нұрлан Баймұрзаев, Nur Otan партиясы партиялық бақылау қызметінің инспекторы:

- Біз мердігерлермен келістіріп, оларға плошадка жасайды жол бойы қызметі үшін. Сол жерге жағдайын жасайды дәретханаларға дейін. Отыратын жерлері жылы қылып. Сол жерге барып олар өзінің көжелерін сата алады, мысалы.

Телеканал Хабар 24