Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Хорватия Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович – Буричпен кездесті.
Жиын барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамытудың жолдарын талқылады. Нұрлан Нығматулин Қазақстан үшін Хорватияның Еуропадағы маңызды әрі әлеуетті әріптес ел екеніне тоқталды. Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ынталы екенін атап өтті. Өз кезегінде Мария Пейчинович – Бурич қос мемлекет арасындағы парламентаралық байланысты күшейтудің маңыздылығын сөз етті.