377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Бауыржан Исламхан ұлттық құрама ойындарына қатыса алмайды

  • 346
Бауыржан Исламхан ұлттық құрама ойындарына қатыса алмайды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында өзгеріс.

Алматының «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жарақатына байланысты Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығуы жиынынан кетіп, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Шотландия және Ресей құрамаларымен өтетін ойындарға қатыспайды, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Бауыржан Исламханның орнына қосалқы тізімнен қарағандылық «Шахтер» шабуылшысы Оралхан Өміртаев шақырылды.

Оралхан Өміртаев ұлттық құрамада 2 ойын өткізіп, 2 гол соқты.

Телеканал Хабар 24