376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордада әуесқойлар арасында теннистен халықаралық турнир басталды

  • 118
  • UPD: 08:09, 23.03.2019
Елордада әуесқойлар арасында теннистен халықаралық турнир басталды

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған жарысқа Ұлыбритания, Ресей, Украина, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан елдерінің ойыншылары қатысады.

Турнир 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл теннисті хоббиге айналдырған шамамен 140 адам тіркелген. Олар бес жас категориясы бойынша бақ сынайды. Елімізде теннистің дамуына барлық жағдай жасалған. Өңірлерде де спорт кешендері бар. Ал Елордада биыл тағы бір спорт кешенін ашу жоспарлануда.

Қуандық Елжанов, Ұлттық теннис орталығының директоры:

- Теннисті жақсы көретін кез келген адам турнирге қатыса алады. Мұнда әр салада жұмыс істейтін әуесқой теннисшілерді көре аласыздар. Арасында вице-министрлер, құқық қорғау саласының мамандары, елшіліктерден келгендер де бар. Бұның барлығы теннистің дамуына үлкен қолдау.

Телеканал Хабар 24