Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады
- 688
- UPD: 16:16, 27.03.2019

6 сәуірден бастап 12 сәуірге дейін Бейжіңде хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының I дивизионы B тобындағы матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл сында қазақстандық хоккейшілер Қытай, Латвия, Польша, Нидерланды және Оңтүстік Корея командаларымен күш сынасады.
Қазақстан құрамасы ойындарының күнтізбесі келесідей:
6 сәуір. Польша – Қазақстан. 18:00
7 сәуір. Қазақстан – Нидерланды. 14:30
9 сәуір. Латвия – Қазақстан. 11:00
10 сәуір. Қазақстан – Оңтүстік Корея. 18:00
12 сәуір. Қазақстан – Қытай. 18:00.