388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Путинцева Осакадағы жарыстың екінші кезеңіне шықты

  • 252
  • UPD: 15:59, 17.09.2019
Путинцева Осакадағы жарыстың екінші кезеңіне шықты prosports.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан Toray Pan Pacific Open турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы айналымда Юлия әлемнің 23-ші ракеткасы Петра Матричпен кездесуі өткізуі керек болатын. Алайда хорватиялық теннисші жарақатына байланысты жарыстан шығып қалып, жерлесіміз польшалық Катажина Кавамен кездесті. 

Каваға қарсы матчты Путинцева екі сетте жеңіп алды - 6:4, 7:6.

Келесі кезеңде қазақстандық спортшы ресейлік Варвара Флинкпен бақ сынасады. 

Телеканал Хабар 24