426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO: Таиланд ұлттық павильон дайындығын арнайы отырыста пысықтамақ

  • 876

Таиланд үкіметі елордадағы EXPO көрмесіне қоятын ұлттық павильон дайындығын арнайы отырыс барысында пысықтамақ.

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Кобкарн Ваттанаврангкул «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының жетекшісі Ахметжан Есімовпен кездесу кезінде хабарлады. Бүгінде Таиланд үшін аумағы 734 шаршы метрді құрайтын жеке павильон қаралған. Естеріңізде болса, бұл мемлекет ұлық шараға қатысуын ресми растап, ұлттық секция комиссары етіп елдің энергетика министрін тағайындаған болатын. Ал келер аптада Бангкокте Корольдіктің көрмеге қатысу жөніндегі келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы