425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO керуені Римге келіп жетті

  • 541

EXPO керуені Италия астанасына келіп жетті.

Бұл роуд-шоуды Қазақстанның Римдегі елшілігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ұйымдастырып отыр. Интерактивті мобильдік павильон арқылы еуропалықтарға EXPO «болашақ энергиясы» жайында кеңінен мағлұмат береді. Сонымен қатар туристерді Қазақстанға келуге шақырады. Римдіктердің бұл шарадан қандай әсер алды.

EXPO керуені Гарибальди алаңына аялдады. Бұл Римдегі халық көп серуендейтін демалыс орындарының бірі. Оның үстіне мұнда туристер де көп келеді. Қазақстандықтардың көздегені де осы. Шетелдіктерге EXPO жайында ақпарат таратып, кеңінен насихаттау.

Флориан Беренд, EXPO керуені жобасының үйлестірушісі:

- Бізде EXPO көрмесіне билетті онлайн арқылы сатып алуға болады. Қонақүйге алдын ала тапсырыс беру жағы да қарастырылған. Павильонда үлкен смартфон орнатылып, ғаламторға қосылған. Келушілерге Қазақстан жайлы, оның әсем табиғаты туралы баяндап, роликтер көрсетеміз.

Болашақтың энергиясы дегеніміз не? Сауалдың жауабын осы павильоннан табуға болады. Мұнда баламалы энергияны алу жолдарының түрлі әдістері көрсетілген. Инновациялық жобалар бір-бірінен асып түседі. Барлығы көрнекі құрал ретінде көрермендер назарына ұсынылған.

EXPO керуені Италияға дейін Испанияда болды. Миланда екі күннің ішінде павильонды мыңнан аса адам тамашалады. Римде де жергілікті тұрғындар мен туристердің қызығушылығы жоғары. Керуен бұдан соң Цюрих, Париж, Лондонға жол тартады. Жалпы ұйымдастырушылар Еуропаның 10 мемлекетінде болуды жоспарлап отыр.

Авторлары: Қ.Қайыпбекова, Юлия Гончар, Массимилиано Вольпе

Хабар 24 телеарнасы