405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Cirque du Soleil: билет құны 4 мың теңгеден басталады

  • 687

ЕХРО кезінде 3 мыңдай мәдени шара өтеді.

Бұл туралы халықаралық көрменің Контент және шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров хабарлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұрт назарына шоу бағдарламалар мен түрлі концерт ұсынылады. Солардың бірі – әлемге әйгілі канадалық Cirque du Soleil. Бүгін 37 манеж шебері «Трампо Уолл» нөмірін пысықтап, дайындықтарын көрсетті.

Айта кетейік, цирктің билет құны 4 мың теңгеден басталады.

Бернард Пойрие, жоба жетекшісі:

- 71 нөмір дайындауға 9 ай уақыт кетті. Әртістеріміз қазақы оюмен өрнектелген киімдерді киіп шығады. Бұл жердегі мақсат – ұлттық мәдениетті заманауи бағытпен үйлестіру. Бірқатар қойылым домбыраның үнімен сүймелденеді. ЕХРО көрмесіне дайынбыз деп толық айта аламын. Бізді жақсы қарсы алып, әзірленуімізге арнайы павильон ұсынған ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы