417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭКСПО-да Нидерландтың Ұлттық күні өтіп жатыр

  • 712

ЭКСПО шарасы аясында бүгін Нидерланд елі өзінің Ұлттық күнін атап өтіп жатыр. 

Әсел Тұмашқызы, тілші:

− Нидерланд корольдігінің павильонына келушілердің қарасы қалың. Өйткені бірнеше минут бұрын павильон өзінің есігін айқара ашқан болатын. Ұлттық күні қарсанында Голландиядан арнайы қонақтар келді. Олардың ішінде аниматорлар  түрлі ойындар ұйымдастырып, Голландияның символы қызғалдақ үлестіріп жатыр.

Ұлттық күні қарсаныңда бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Олардың бірі Голландияның инновациялар байқауы өз мәресіне жетті. Сәуірде басталған байқауға алты команда қатысты.

Байқау шартына сәйкес әрбір командада Голландия мен Қазақстаннан міндетті түрде екі студент болуы керек. Ақтық сынға шығып, байқау жеңімпазы атанған 

«Алматы қаласындағы суды қолданудың айналмалы жүйесін құру» жобасы авторларының бірі Ермек Жұмаш.

Ермек Жұмаш, инновациялар байқауының жеңімпазы:

­­ ­− Жоба инновациялық қана емес, қол жетімді, іске асырылатындай болу керек еді. Біздің жеңіске жеткен факторлардың бірі де осы болды. «Қазақстан-2050» стратегиясында судың тапшылық мәселесі жайлы айтылған. Қазіргі уақытта жалпы өзекті мәселе болып отыр. Осы мәселені шешуге атсалыстық. Таза су қолжетімді болу үшін, барлық үйге лизинг системасы бойынша су фильтрын орналастыруды жөн көрдік.

Айта кететін болсақ, Ұлттық күні қарсаныңда Нидерланд экономика министрі Хенк Камп мырза Астанаға арнайы келді.

Статистикаға сүйенетін болсақ, Нидерланд ел экономикасына ең көп инвестиция салған мемлекеттердің бірі. Екі ел арасында бірлескен 900 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы